Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіріп, заң мен әділдікке деген сенімге нұқсан келтіретін келеңсіз құбылыс.
Онымен күресу тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Әр адам өз ісіне адалдықпен қарап, заң талаптарын сақтап, пара беру мен пара алуға жол бермеуі керек.
Қоғамда адалдық, жауапкершілік және әділдік қағидаттары берік орныққан кезде ғана жемқорлықтың алдын алуға болады.



