Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және азаматтардың мемлекетке деген сеніміне кері әсер ететін өзекті мәселе. Оған қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды жолдарының бірі – заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заңсыз әрекеттерге бейжай қарамауы қажет.
Мемлекеттік қызметшілер үшін адалдық, ашықтық және халыққа қызмет ету қағидаттары ерекше маңызға ие. Қоғамдық сенімді нығайту үшін қызметтік міндеттерді әділ әрі заң талаптарына сәйкес орындау – басты талап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет әрі қоғамның әр мүшесінен жауапкершілікті талап ететін маңызды бағыт. Адалдық пен әділдік әр адамның күнделікті ұстанымына айналғанда ғана жемқорлыққа төтеп беруге болады. Заңды сақтау, парасаттылықты дәріптеу және заңсыз әрекетке жол бермеу – жарқын болашаққа бастайтын берік қадам. Таза қоғам – адал азаматтан басталады. Сондықтан жемқорлыққа немқұрайлы қарамай, адалдықты өмірлік қағида етіп ұстану – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Жанар ҚУАНЫШЕВА,
Жангелдин ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы




