Бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы. Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы ең маңызды бағыттардың бірі – табиғатпен үйлесімді өмір сүру.
Табиғатқа деген жауапкершілікті бала кезден қалыптастыру – болашаққа жасалған маңызды инвестиция. «Таза Қазақстан» – тек тазалық сақтау ғана емес, бұл – сананы жаңғыртуға бағытталған стратегиялық қадам. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау – ұлт болашағына жасалған шынайы қамқорлық. Сол себепті әрқайсымыз туған жерге деген жанашырлығымызды нақты іспен дәлелдейік. Президентіміздің экологияны қорғау жолындағы бастамаларын қолдай отырып, біз де өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Кәусар ҒИНИЯТ,
Белсенді жас


