Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің табиғи байлығын сақтау мен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың бірі ретінде ерекше маңызға ие.

Бұл бастама тек табиғатты қорғау іс-шараларымен шектелмей, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тәрбие беруді де көздейді. Бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы. Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы ең маңызды бағыттардың бірі – табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Табиғатқа деген жауапкершілікті бала кезден қалыптастыру – болашаққа жасалған маңызды инвестиция. «Таза Қазақстан» – тек тазалық сақтау ғана емес, бұл – сананы жаңғыртуға бағытталған стратегиялық қадам. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау – ұлт болашағына жасалған шынайы қамқорлық. Сол себепті әрқайсымыз туған жерге деген жанашырлығымызды нақты іспен дәлелдейік. Президентіміздің экологияны қорғау жолындағы бастамаларын қолдай отырып, біз де өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

 Әсел МҰРАТОВА,

Аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT