Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

СОТ БИЛІГІ ТӘУЕЛСІЗ

Сот шешімімен келіспеу – жиі кездесетін жағдай. Алайда көптеген азамат жіберетін басты қателігі: олар мәселені соттан тыс шешуге тырысып, әртүрлі мемлекеттік органдарға шағымданады. Бұл – қате тәсіл. Қазақстан Республикасында сот билігі тәуелсіз. Ешбір мемлекеттік орган сот шешімін өзгертуге немесе жоюға құқылы емес.

Мұндай өкілеттік тек соттарға ғана берілген және ол заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Егер соттың шешімі заңды күшіне енбесе, апелляциялық шағым беруге болады. Апелляция – істі қайта қараудың толыққанды сатысы. Апелляциялық сот - істің мән-жайлары дұрыс анықталғанын, дәлелдемелердің әділ бағаланғанын, заң нормаларының дұрыс қолданылғанын тексереді. Бұл кезеңде істің нәтижесін өзгерту мүмкіндігі бар. Егер сот шешімі заңды күшіне енген болса, кассациялық тәртіппен шағым беруге болады. Бірақ кассация – істі қайта қарау емес, заң бұзушылықтарды тексеру құралы.

Кассациялық сот - елеулі процессуалдық бұзушылықтардың бар-жоғын, материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылғанын қарайды. Ең жиі жіберілетін қателік кейбір азаматтар басқа мемлекеттік органдарға жүгінеді. Алайда, мұндай өтініштер істі қайта қарауға әкелмейді. Сот шешімінің орындалуын тоқтатпайды. Тек уақыт жоғалтуға себеп болады. Нәтижесінде шағым беру мерзімі өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан, заң тұрғысынан дұрыс әрекет жасап, апелляциялық шағымды уақытында беріп, құқық бұзушылықтарды нақты көрсету керек. Процессуалдық мерзімдерді сақтап, сот сатыларының айырмашылығын түсіну ләзім. Егер сот шешімін өзгерткіңіз келсе, заңда көзделген жолмен әрекет ету қажет. 

Айгүл АНЖАНОВА,

Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT