Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сенбілікпен шектелмеген дұрыс

 Туған жердің тазалығы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Айналаны таза ұстау тек сенбіліктермен ғана шектелмейді.

Бұл – күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды қағида. «Таза Қазақстан» бастамасы елді мекендердің көркін жақсартып қана қоймай, табиғатқа деген жанашырлықты арттыруға бағытталған. Аула мен көше тазалығын сақтау, ағаш отырғызу, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орынға тастау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау – әр азаматтың қолынан келетін игі іс.

Тазалыққа немқұрайлы қарамай, ортақ іске үлес қосу арқылы біз келер ұрпаққа көрікті де жайлы мекен қалдырамыз. Өйткені таза ауыл – дені сау қоғамның, жоғары мәдениеттің және елге деген жанашырлықтың айқын белгісі. Сондықтан «Таза Қазақстан» қағидаларын күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырайық.

 Гүлжихан Маратова,

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT