Миялы ауылдық округінде ауыл тазалығын сақтау және аумақты абаттандыру мақсатында кезекті сенбілік жұмыстары өтті.
Сенбілік барысында көше бойлары мен орталықтағы жаңа саябақтың аумағы арамшөптерден тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына округ аумағындағы мекемелердің қызметкерлері мен тұрғындар белсенді қатысты. Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз!



