Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сенбілік өтті

Жамбыл ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктің негізгі мақсаты – ауыл аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында ауылдағы 7 көшенің бойы, мемлекеттік мекемелердің аумақтары және 4 шақырым автожол жиегі күл-қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына ауылдық округтегі барлық мекеме қызметкерлері мен «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері белсене қатысып, жалпы саны 55 адам жұмылдырылды. Бірлескен еңбектің нәтижесінде бір тоннаға жуық күл-қоқыс жиналып, арнайы белгіленген орынға шығарылды. Тазалық – бір күндік науқан емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау және туған жердің көркеюіне үлес қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Гүлмира Мақсотқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT