Құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениеті мен санасын арттыруды Үкіметке тапсырған Мемлекет басшысы осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде Үкіметтің отырыстарында және құқық қорғау органдарының алқаларында үнемі көтеріп отырады.
Мұндағы мақсат – әрбір азаматтың заңға деген құрметін арттыру және қоғамда құқықтық мәдениет пен сауаттылықты деңгейін көтеру. Бұл ретте білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбиені күшейтіп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай арнайы құқықтық сағаттар, «Заң және тәртіп» айлықтарын өткізу қажет. Сонымен бірге отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайта отырып, ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін арнайы семинарлар ұйымдастырған да жөн. Мұндай шаралар балаларға өз құқықтары мен міндеттерін, ал ата-аналарға бала құқықтарын қорғауды, міндеттерді дұрыс орындауды және заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру үшін маңызды.
Наурыз КЕНЖЕБАЙҰЛЫ,
аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі,
ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты



