Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРЫЛҒАН АМАНАТ

Жамбыл ауылдық округі ардагерлерінен естіген әрбір сөз — ұрпаққа қалдырылған аманат. Табиғатқа деген құрметті олар өмірлік тәжірибесімен дәлелдеп отыр.

Бүгінгі таңда экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, жер мен судың тозуы, климаттың өзгеруі секілді жаһандық қауіптер туындап жатқанда, мұндай ақыл-кеңестердің маңызы арта түсуде. Бүгінгі тіршілік табиғатпен тығыз байланысты. Ата-бабаларымыз табиғатты аялаудың, жер мен суды қадірлеудің үлкен үлгісін қалдырды. Сол үлгіні жас ұрпақ санасына сіңіру – біздің ортақ парызымыз. Ал туған жердің табиғатын сақтау – әр азаматтың намысы мен ар-ожданына байланысты. Сондықтан ардагерлердің осы аманатын қадірлейік, ұрпаққа таза табиғат қалдырайық! Зайда Суатова Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT