Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл жоба еліміздің экологиялық саясаты аясында қолға алынған.
Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Қоқысты сұрыптау, табиғи ресурстарды үнемдеу және жасыл желекті көбейту арқылы біз табиғатты сақтауға өз үлесімізді қоса аламыз. Таза әрі көрікті орта адамдардың денсаулығына, көңіл-күйіне және өмір сапасына тікелей әсер етеді.
Сондықтан әрбір адам табиғатты ластамауға, қоғамдық орындарды таза ұстауға және экологиялық шараларға белсенді қатысуға тиіс. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы біздің жауапкершілігіміз.
Ақшолпан ЖАРЫЛҒАСЫН,
Мұқыр ауылдық клубының директоры



