Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БЕЛГІСІ

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығының басты кепілі. Әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауы арқылы елдің дамуына өз үлесін қосады. Заң бәріне ортақ, сондықтан оны орындау — әр адамның азаматтық борышы.

Тәртіп сақталған жерде қауіпсіздік, өзара сыйластық пен әділдік орнайды. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа заңды сыйлау мен тәртіпке бағынуды үйрету өте маңызды. Себебі тәртіпті, саналы ұрпақ – елдің жарқын болашағының негізі. Қоғамдағы тазалықты сақтау, үлкенді құрметтеу, қоғамдық орындарда мәдениетті болу, өз құқығыңмен қатар өзгенің құқығын да сыйлау — бәрі де «Заң мен тәртіп» қағидатының көрінісі. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын сақтап, әділдік пен жауапкершілікті басты орынға қойса, мемлекетіміз одан әрі дамып, бейбіт өмір нығая түседі. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей, заң мен тәртіпті сақтау – өркениетті қоғамның басты белгісі.

Нұрлан ЖҰМАҒАЛИЕВ,

аудандық полиция бөлімінің ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT