Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Республикалық «Браконер» жедел алдын алу іс-шарасы

Қызылқоға ауданы көлемінде 2026 жылдың 24-28 тамыз аралығында Республикалық «Браконер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи ресурстарды қорғау, заңсыз аң аулау мен балық аулау фактілерінің алдын алу, браконьерлікке жол бермеу және қоршаған ортаны қорғау.

Іс-шара барысында Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері табиғи аумақтарда рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізіп, аңшылық және балық аулау құралдарының заңдылығын тексеруде. Сонымен қатар азаматтарға табиғатты қорғау талаптарын сақтау және заңсыз аңшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Заңсыз аңшылықпен айналысуға және табиғи байлықтарға зиян келтіруге жол берілмейді. Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет! Заң бұзушылыққа жол жоқ! Табиғатты бірге қорғайық!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT