Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Республикалық «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

 Қызылқоға ауданы аумағында 2026 жылдың 24-28 тамыз аралығында республикалық «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз аңшылық пен балық аулау фактілерінің алдын алу, табиғи ресурстарды қорғау және браконьерлікке жол бермеу. Осыған байланысты полиция қызметкерлері аудан аумағында, табиғи және су айдындарына жақын жерлерде тәулік бойы рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Аңшылық және балық аулау құралдарының заңдылығы, рұқсат құжаттарының болуы тексеріледі.

Құрметті тұрғындар! Табиғат – баршамызға ортақ байлық. Заңсыз аң аулау мен балық аулауға жол бермей, табиғатты бірге қорғайық!

Заң бұзушылыққа жол жоқ! Табиғатты аялау – әр азаматтың міндеті!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT