«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілігін арттыруға және елді мекендер мен табиғи аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған республикалық бастама.
Акцияның бастамашысы — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бастама 2024 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамның күш-жігерін біріктіреді. Бастаманың мақсаты — қоғамды табиғатқа ұқыпты қарау идеялары төңірегінде топтастыру, экологиялық сананы дамыту және азаматтарды аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және тазарту бойынша практикалық іс-шараларға тарту. Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар үшін акцияға қатысу тұрақты даму қағидаттарына, экологиялық жауапкершілікке және қызмет жүргізіп отырған өңірлерге қамқорлыққа бейілділіктің көрінісі болып табылады.



