Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МІНДЕТІ

 «Таза Қазақстан» – бұл қоршаған ортаны қорғауға, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған мемлекеттік бастама. Мұндағы мақсат – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Бұл бастама, сондай-ақ тазалықты сақтауды күнделікті өмір салтына айналдыруды көздейді. Осы орайда тұрғылықты жеріміздің тазалығына, келбетінің көркеюіне атсалысу – әрбір тұрғынның міндеті. Тазалық ұғымы қоқыстарды жинаған жерде емес, шашпаған жерде қалыптасады. Сондықтан әр адам керексіз затты тастар алдында ойлану керек. Сонымен қатар әр тұрғын өзінің тұратын аумағын таза ұстап, үйінің қасбетін ретке келтіріп тұрса ауыл тазалығына қосқан зор үлесі болар еді.

 Ұлан КЕРЕЕВА,

Тасшағыл ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT