Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әр тұрғын тазалықққа жауапты

 Тазалық – кез келген елді мекеннің көркі, тұрғындардың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Ауылдың ажары мен қоршаған ортаның тазалығы ең алдымен әрбір тұрғынның өз ауласына, көшесіне және туған жеріне деген жанашырлығынан басталады. Дегенмен тазалықты тек сенбілік немесе арнайы ұйымдастырылған шара кезінде ғана қолға алу жеткіліксіз. Әр тұрғын күнделікті өмірде қарапайым тазалық талаптарын сақтап, қоқысты белгіленбеген жерге тастамауға, өз ауласын таза ұстауға және айналасына ұқыпты қарауға дағдылануы қажет. Себебі ауылдың тазалығы – бір ғана мекеменің немесе белгілі бір қызметкерлердің емес, барша тұрғынның ортақ ісі.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстардың да негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып, тұрғындардың белсенділігімен толыға түскенде ғана нәтижесі еселене түседі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT