Қазақстан Республикасының Конституциясында 39-бап азаматтардың ең басты міндетін айқындайды. Яғни Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті.
Отанды қорғау жай ғана заңдық талап емес, «қасиетті парыз» ретінде көрсетілуі қоғамда патриоттық сезім мен азаматтық сананы арттыруға бағытталған маңызды идеологиялық қадам ретінде қарастырылады. Әскери қызметтің тәртібі мен түрлері арнайы заңдармен реттелетіндіктен, Конституция бұл міндеттің мызғымас негізін қалап тұр.
Сондықтан жаңа Конституцияның 39-бабы мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершіліктің теңгерімін көрсетеді — мемлекет азаматтың құқықтарын қорғаса, азамат өз кезегінде мемлекеттің қауіпсіздігіне жауапты.
Нұрбол ҒАНИЕВ, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор




