Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әр азаматтың ортақ жауапкершілігі

«Таза Қазақстан» акциясы – айналаны тазалау ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды бастама. Таза көше, таза аула, таза табиғат – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, келер ұрпаққа көркейген елді мекен қалдырудың негізі.

Тазалықты сақтау сенбілікпен ғана шектелмеуі тиіс. Әрбір азамат қоқысты белгіленген орынға тастап, қоғамдық орындарды таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, туған жеріміздің көркеюіне зор үлес қосады. Табиғатты аялау – өзімізге және болашақ ұрпаққа деген құрметтің белгісі. «Таза Қазақстан» – баршаға ортақ іс. Сондықтан туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз атсалысуымыз керек.

Амангүл Талғатқызы,

Ойыл ауылдық округінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT