Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МАҢЫЗДЫ БАСТАМА

 «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға бағытталған маңызды бастама. Әр адам өз ауласын, көшесін, туған жерін таза ұстаса, еліміз көркейіп, өмір сүруге жайлы мекенге айналады.

Табиғатты қорғау – тек сенбілікке шығумен шектелмейді. Ол күнделікті өмірден басталады: қоқысты жерге тастамау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы біз болашақ ұрпаққа таза әрі көркем Қазақстанды қалдыра аламыз.
Тазалық бар жерде денсаулық, тәртіп және береке болады. Сондықтан табиғатты қорғау –  әр азаматтың ортақ міндеті. Ал, еліміздің көркейіп, гүлденуі әрқайсымыздың тазалыққа деген көзқарасымыздан басталады.

Айжан АҚСЕРЕНОВА, 
Миялы ауылының тұрғыны, зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT