«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамның тұрақтылығы мен елдің дамуының басты негізі.
Ел азаматы ретінде заңға құрметпен қарау – әр адамның міндеті деп есептеймін. Тәртіп бар жерде береке, бірлік және қауіпсіздік болады. Біз өскелең ұрпаққа заңды сыйлаудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың үлгісін көрсетуіміз керек. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндетін де жауапкершілікпен орындаса, қоғамда әділдік пен сенім нығая түседі. Заңға бағыну – қорқыныштан емес, азаматтық сана мен елге деген құрметтен туындауы тиіс.
Сондықтан баршамыз заң мен тәртіпті сақтап, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтуға өз үлесімізді қосайық.
Айбек Мерекеұлы,
жеке кәсіпкер ауыл тұрғыны




