Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӘР АДАМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ

 «Таза Қазақстан» акциясы экологияны жақсартуға бағытталған маңызды бастама ғана емес, ол ұлттық мәдениет пен сананы жанғыртатын құндылық. Табиғатты таза сақтау әр адамның азаматтық борышы. Еліміздің көркейіп, болашағы жарқын болуы үшін бәріміз тазалықты сақтауға атсалысуымыз қажет.

Бұл ретте аталмыш акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық елді мекеннің тазалығын сақтау, жұмыстары жүргізіліп келеді. Мұндағы мақсат абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, қоршаган ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.

Әр апта сайын ұйымдастырылатын сенбілікке негізінен мекеме қызметкерлері тартылғанымен ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер де қалыс қалмай, оз үлестерін қосуда. Олар өз тұрғын үйлері мен қора-жайларының, кәсіпкерлік нысандарының айналасын тазалап, ретке келтіруде. Мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. 

Ақылай ҚАЛИЕВА,

Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT