Ауданда 14–17 шілде аралығында «Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында жалға берілетін пәтерлерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, пәтер иелерімен түсіндіру кездесулері өтуде. Полицейлер жалға берілетін тұрғын үйлерді заң талаптарына сәйкес пайдалану қажеттігін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударуда. Түсіндіру жұмыстары кезінде пәтерлерді заңды өкілінсіз 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге, сондай-ақ мас күйіндегі азаматтарға жалға бермеу қажеттігі ескертіледі. Сонымен қатар, жалға алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарын міндетті түрде тексеру, тұрғындардың тыныштығын сақтау және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу талаптары түсіндірілуде. Мұндай алдын алу шаралары жалға берілетін тұрғын үйлерді пайдалану кезінде заң талаптарының сақталуына ықпал етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өз тілшіміз



