Ойыл ауылдық округінде кәмелет толмағандарға және 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь, темекі өнімдері, электрондық темекі және де тыйым салынған өнімдердің сатылауына бақылауды күшейту мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.
Шара барысында сауда обьектілерінің сатушыларымен кәмелетке толмағандарға және 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь мен темекі бұйымдарын сатуға , сонымен қатар энергиялық сусындарды сатуға жол бермеу мәселесі бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында қолданыстағы заңнама талаптары, сатып алушылардың жасын растайтын құжаттарын тексеру қажеттілігі және заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Өз тілшіміз



