«Атырау-Ақпарат» ЖШС медиахолдингінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Жиынға жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ақпараттық-талдау тобының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық экономиканы нығайту, энергетика саласын дамыту және экологиялық мәселелерді шешу бағыттары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, Жолдауда көтерілген міндеттерді жүзеге асырудағы қоғамдық ұйымдар мен жастардың рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар ел дамуына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, маңызды бастамалардың мәні мен маңызын талқылады.
Мұндай кездесулер Президент Жолдауының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіруге, қоғамдық пікір қалыптастыруға және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Кәмшат ӘБІШ




