«Заң мен тәртіп» қағидаты – бұл елдегі қоғамдық тұрақтылықты, қауіпсіздікті және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін басты ұстаным. Заңды құрметтеу – тек құқық бұзушылық жасамау емес.
Бұл – өзгенің құқығына нұқсан келтірмеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, ортақ ережелерді орындау және өз әрекетіңе жауап бере білу. Осындай қағидаттар күнделікті өмірде орныққанда ғана қауіпсіз қоғам қалыптасады. Бұл ретте ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау мен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға әр азамат өз үлесін қоса алады. Көшеде, қоғамдық орындарда және жол қозғалысы кезінде белгіленген талаптарды орындау, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне құрметпен қарау – жауапты азаматтың міндеті.
Самат САКУПОВ,
құқық қорғау саласының ардагері




