«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында округтегі елді мекендерде қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда жыл басынан 17 рет сенбілік өткізіліп, оған 300-ге жуық адам қатысты.
Сенбілік барысында жинақталған 31 тонна қоқыс округ теңгеріміндегі трактордың тіркемесімен тиісті орынға төгілді. Округ орталығындағы төрт қоқыс алаңына 12 дана қоқыс контейнері қойылған. Тазалық бойынша «Жакупов» жеке кәсіпкерлігімен келісім шарт жасақталып, жыл басынан бері аталмыш қоқыс контейнерінен алты тоннадай тұрмыстық қалдық полигонға шығарылды. Сондай-ақ бір ескі үй және ескі екі қора-жай бұзылып орны тегістелді. Ал өз аулаларын тазаламаған екі тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылып, 45 тұрғынға ескерту берілді. Мұнда жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.
Сандуғаш ҚАЗИЕВА,
Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



