Айналалаңның, ауылының таза болуы – барша ортақ жауапкершілік. Бұл ретте, Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары да «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбіліктерге белсенді түрде қатысып келеді.
Әрбір тұрғын өз үйінің ауласын, қора-жай маңын, көшесінің бойын тазалап, ауылымыздың көркеюіне үлес қосуда. Бірлікпен атқарылған іс әрқашан нәтижелі болмақ. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Табиғатты қорғап, қоршаған ортаны таза ұстау арқылы келер ұрпаққа көрікті әрі жайлы ауыл қалдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Зайда СУАТОВА,
Жамбыл ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы



