Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

 Таза экология – бұл ұлттың денсаулығы мен болашағы. Табиғатты қорғау арқылы біз ұлттық болмысымызды, ұрпағымыздың амандығын сақтап қаламыз. Бұл – әр азаматтың ортақ парызы. Табиғатқа құрмет – өзіңе құрмет. Қоршаған ортаны қорғау – еліміздегі ең маңызды міндеттердің бірі.

Себебі экологиялық тазалық адам денсаулығына, қоғамның өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Табиғатты аялау, айналаны таза ұстау, су мен ауаны ластамау – әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Осы арқылы қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасып, туған жерге деген жанашырлық арта түседі. «Таза Қазақстан» акциясы да осы маңызды бағыттарды көздейді. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны тазарту ғана емес, сонымен қатар халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл бастама әр азаматты туған жердің тазалығына бейжай қарамай, табиғатты қорғауға және қоғамдық тазалықты сақтауға үндейді.

 Шапиғолла Қонысбаев,

Қарабау ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT