ҚР IIM Әкімшілік полиция комитетінің, Threads платформасындағы ресми парақшасында ағымдағы жылдың 11-13 тамыз күндері өтетін онлайн-акция аясында Қызылқоға ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Байжанов тұрғындарға акцияның мақсаты мен қатысу тәртібін түсіндіріп, ақпараттық материалдар таратты.
Сонымен қатар, QR-код арқылы Threads платформасындағы ресми парақшаға өту жолы көрсетіліп, тұрғындарды онлайн-акцияға белсенді қатысуға шақырды. Отбасындағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Н.ЖАУЫНБАЕВА



