Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Оқушыларды тазалыққа баулимыз 

Мектеп – білім мен тәрбиенің ордасы. Оқушының сапалы білім алуымен қатар, қоршаған ортаны таза ұстауға, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиеленуі де маңызды.

Осыған орай мектебімізде сынып бөлмелерінің тазалығы мен тәртібіне ерекше мән беріліп келеді. Оқушылар сабақтан кейін сынып ішін ретке келтіріп, парталардың тазалығын қадағалап, оқу құралдарын жинақы орналастыруға атсалысуда.
Тазалықты сақтау – бір күндік жұмыс емес, күнделікті қалыптасатын жақсы әдет. Әр оқушы өз сыныбына жанашырлықпен қарап, тазалыққа өз үлесін қосса, мектептің де ажары арта түседі.
Ұстаз ретінде оқушыларға үнемі: «Тазалық – өзіңнен басталады» деген қағиданы ұстануды үйретеміз. Себебі таза әрі жинақы орта баланың көңіл-күйіне де, оқуына да оң әсер етеді.
Туған жерімізді, мектебімізді, сыныбымызды таза ұстау – баршамызға ортақ міндет. Тазалықты сақтай отырып, біз өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсетеміз.
Дариға Мәди, 
Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT