Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!

сурет ғаламтордан алынды

 Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептер бар. Ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Өйткені, күн сайын әртүрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар көп. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне – 15 жастан асқан бойжеткендер мен бозбалалар жатады.

Организмі әлі даму үстінде, әрі өмірдің қараңғы тұстарын танып үлгермеген жасөпірімдер қызығушылықпен есірткі құрбанына айналады. Оған біріншіден, баланың жүрген ортасы әсер етеді. Адам жастық шағында көруге, білуге құмартып отырады. Наша таратушылар да құрбандығын осы жасөспірімдер арасынан бастайды. Оларды алдау, арбау оңай. Алдаудан бұрын, қызыққыш жас бала өзі келіп қақпанға түседі. Осылай тауқымет тартып, есірткі кесепатының құрбанына айналады.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, әрбір ата-ана жасөспірім баласының тәрбиесіне назар аударып, оның жүріс тұрысын жіті қадағалағаны жөн. Әсіресе, үйден ақша, бағалы заттардың жоғалуына, баланың ақшаны жиі сұрап, әртүрлі сылтау айтуына, көңіл күйінің біресе сынаптай бұзылып, біресе көңілденуіне, оқуға, сүйікті ісіне ынтасының жоғалуына т.б. бала бойындағы өзгерістерге аса мән беріп, зер салу керек. Көңілге күдік орнаса, дәрігерлердің кеңесіне дер кезінде жүгініп, төніп тұрған бақытсыздық бұлтын сейілтуге болады. Себебі, жасөспірімдер еліктегіш келеді. Бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.

Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының өміріне де қауіп төндіреді. Қоғам сондай жандарды уақытында анықтап,оның ұрпағының азбауына жол бермеуі керек. Негізінен әр азамат пен азаматшаның дені сау болуы ең бірінші өздеріне байланысты болады. Олай болса, денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Нашақор жандардан дүниеге дені сау перзент келуі екі талай. Себебі есірткі дүние есігін әлі ашпаған, іште жатқан сәбидің ағзаларын улайды. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу – біздің қолымызда. Біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Нашақорлық – адамзатқа берілген ең ауыр жаза.

Жұмақайыр Бертілеуов, нарколог дәрігер

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT