Нашақорлық – адамның денсаулығына, өміріне және болашағына кері әсер ететін қауіпті дерт.
Есірткіге тәуелділік адамның өзіне ғана емес, оның отбасына және қоғамға да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан оның алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, бос уақытын пайдалы өткізуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру маңызды.



