Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Мөлдір бұлақ» акциясы аясындағы игі іс

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Мұқыр ауылдық округінің кәсіпкері ЖК “А.Н.Джиембаева” “Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы аясында туған жеріміздің тазалығын сақтауға бағытталған игі іске белсене атсалысты.

Акция барысында қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстары жүргізілді. Жеке кәсіпкер ретінде тек кәсібін дамытып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласып, қоршаған ортаға жанашырлық таныту – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Осындай игі бастамалар көпшілікке үлгі болып, экологиялық мәдениеттің артуына оң әсерін тигізері сөзсіз. 

К. Әбіш

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT