Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӨМІР СҮРУ САПАСЫ АРТАДЫ

 Қоршаған ортаны қорғау – еліміздегі ең маңызды міндеттердің бірі. Себебі экологиялық тазалық адам денсаулығына, қоғамның өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді.

Табиғатты аялау, айналаны таза ұстау, су мен ауаны ластамау – әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Осы арқылы қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасып, туған жерге деген жанашырлық арта түседі. «Таза Қазақстан» акциясы да осы маңызды бағыттарды көздейді. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны тазарту ғана емес, сонымен қатар халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Бұл бастама әр азаматты туған жердің тазалығына бейжай қарамай, табиғатты қорғауға және қоғамдық тазалықты сақтауға үндейді.

Жаубасар МҰҚАНБЕТОВ,

Миялы ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT