Таза орта – адамның денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан айналаны таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Таза қазақстан акциясына қатысу арқылы тек көшелер мен аулаларды тазалап қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз. Бірлікпен атқарылған еңбек адамдарды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Әсіресе жас ұрпақ үшін табиғатты қорғаудың маңызы зор екенін түсіндіреді. Әрқайсымыз тазалықты өз үйімізден, өз ауламыздан бастасақ, еліміз бұдан да көркейіп, таза әрі жайлы мекенге айналады.
Табиғатты таза сақтау – келер ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік.
Лаура Тілегенова,
Қаракөл ауылының тұрғыны




