Тазалық – мәдениеттің, тәртіп пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір отырғызылған ағаш, жиналған қоқыс, тазаланған аула – болашаққа жасалған игі қадам.
Қоршаған ортаны қорғау – еліміздегі ең маңызды міндеттердің бірі. Себебі экологиялық тазалық адам денсаулығына, қоғамның өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Табиғатты аялау, айналаны таза ұстау, су мен ауаны ластамау – әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Осы арқылы қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасып, туған жерге деген жанашырлық арта түседі.
Зада Бисенғалиева,
Ойыл ауылдық округі



