Конституция – мемлекеттің құқықтық тірегі, қоғам өмірінің басты бағдары. Онда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері мен жауапкершілігі айқындалған.
Ата Заңда белгіленген қағидаттар елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Менің ойымша, Конституцияны құрметтеу – әр азаматтың Отан алдындағы жауапкершілігі. Әсіресе, заң үстемдігі, адам құқығын қорғау, білім алу, еңбек ету және әлеуметтік қолдау мәселелерінің маңызы зор. Себебі құқықтық мемлекет құру тек заң қабылдаумен шектелмейді, оның талаптарын әрбір азаматтың сақтауы мен орындауынан көрінеді. Сондықтан Конституцияны білу, оның мәні мен маңызын түсіну – баршамызға ортақ міндет.
Ата Заңымыздың қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ел болашағына бейжай қарамайтын, жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастыруға үлес қосуымыз қажет.
Қ.Рабаев, Ойыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы




