Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігі мен ұлттық құндылықтарын айқындайтын басты белгілер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың Отан алдындағы міндеті.
Ауылдық округте мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және насихаттау бағытында түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Рәміздер – елдігіміздің белгісі», «Мемлекеттік рәміздер – ортақ құндылығымыз», «Рәміздерге құрмет – елге құрмет» тақырыптарында танымдық кездесулер мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырудың маңызы зор.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру. Әсіресе жастарға мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызын түсіндіру арқылы олардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға болады.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын көтеріп, тәуелсіздігімізді айшықтайтын қастерлі құндылықтар. Оларды құрметтеу – елді құрметтеу. Еліміздің рәміздерін ұлықтау арқылы біз тәуелсіздігімізді бағалап, келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие береміз.
Нұрсұлтан Мейрамұлы, Миялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы




