Мемлекеттік рәміздер – әрбір қазақстандық үшін қастерлі құндылық. Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз еліміздің тарихын, бірлігі мен болашағын бейнелейтін қасиетті белгілер.
Рәміздер күні – елімізге деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты нығайтатын маңызды мереке. Әр азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, олардың мәні мен маңызын жас ұрпаққа насихаттауы қажет. Өйткені рәміздерге деген құрмет – Отанға деген құрметтің көрінісі. Біз көк Туымызды мақтан тұтып, Елтаңбамызды ардақтап, Әнұранымызды ерекше ықыласпен орындау арқылы елге деген адалдығымызды танытамыз. Мемлекеттік рәміздеріміз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтата берсін!
Тілек ҚАЛИЕВ, ардагер



