Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады. Бұл жана Конституция жобасы 30-бабының 1-тармағында көрсетілген негізгі қағида. Яғни мемлекет неке мен отбасы институтын, ана мен әкені, сондай-ақ балаларды құқықтық корғауға, олардың әлеуметтік жағдайын қолдауға, тәрбиесі мен дамуына жағдай жасауға кепілдік береді деген сөз.
Бұл принцип отбасылық байланыстарды нығайту мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың негізі болып табылады. Аталмыш баптың 2-тармағында: "Неке ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп көрсетілген. Бұл ұғым Конституцияның жаңа жобасында отбасылық саясаттың негізі ретінде қарастырылып, дәстүрлі құндылықтарды сақтауга бағытталған. Балаға қамқорлық жасау және тәрбие беру аталмыш баптың 3-тармағына сәйкес ата-ананың құқығы әрі міндеті. Бұл баланың толыққанды дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін. Отбасы туралы кодекспен бекітілген мемлекеттік маңызы бар құндылық және табиғи парыз. Бұл міндеттерді тиісті деңгейде орындамау заң алдында жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Гүлзира ЖҰМАЛИЕВА,
аудандық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы


