«Заң мен тәртіп» кез келген мемлекеттің берік тірегі, қоғамның тыныштығы мен бірлігінің кепілі. Заң адамдардың құқығын қорғап қана қоймай, әділдік орнатып, әр азаматтың қауіпсіз өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Әрбір азамат заңға бағынып, тәртіп сақтауы, үлкенді құрметтеуы, адал болу сияқты қасиеттерді сіңіру өте маңызды. Қоғамда заң талаптары сақталған жерде тұрақтылық пен сенім болады. Әрбір азамат жол ережесін сақтап, қоғамдық орындарда мәдениеттілік танытып, өз міндетіне жауапкершілікпен қараса – бұл елдің дамуына қосқан үлесі. Тәртіпсіздік пен немқұрайлық қоғамға зиян келтіреді. Сондықтан әр адам өз ісіне жауап беріп, заң бұзушылыққа жол бермеуі керек.
Н.Қабиев,
аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы



