Электронды темекі-ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің жаңа түрі. Қоғам жастары есеюдің көрінісі десе, енді бірі бүгінгі таңның сәні ретінде күнделікті өмірде кеңінен пайдалануда. Ғалымдардың пайымдауынша, электронды темекі кәдімгі темекіге қарағанда зияндылығы тұрғысынан аздау. Бұл әсер көміртегі тотығы токсиндерінің, шайырдың және басқа да қосымша қоспалардың болмауына байланысты.
Сонымен қатар, кәдімгі темекі түтіні мен электронды темекі түтінін салыстырар болсақ, оның айналадағы жұтушыларына да салыстырмалы түрде азырақ зияндық етеді екен. Десе де,электронды темекі құрамында 30-дан астам улы заттар бар. Олар: никотин, көмір қышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және т.б. Қазіргі таңда жастар арасында никотин мен темекі өнімдерінің таралуы қоғам үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе мектеп жасындағы оқушылардың бұл зиянды әдетке әуестенуі – олардың денсаулығына ғана емес, болашағына да үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан мектептерде никотин мен темекіге қатаң түрде тыйым салу – маңызды әрі қажетті шара. Ең алдымен, никотин – адам ағзасына тәуелділік тудыратын қауіпті зат. Ол жүйке жүйесіне әсер етіп, жасөспірімдердің ойлау қабілетінің төмендеуіне, зейіннің әлсіреуіне әкеледі. Сонымен қатар темекі шегу жүрек-қан тамырлары ауруларының, тыныс алу жүйесінің бұзылуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Жас организм үшін бұл зиян бірнеше есе қауіпті. Мектеп – білім мен тәрбие ордасы. Сондықтан оның аумағы қауіпсіз әрі таза орта болуы тиіс. Егер мектеп ішінде темекі мен никотин өнімдеріне жол берілсе, бұл оқушылар арасында жаман үлгінің таралуына себеп болады. Бір оқушының зиянды әдеті басқаларына әсер етіп, жаппай әдетке айналуы мүмкін.Сондай-ақ қазіргі кезде тек дәстүрлі темекі ғана емес, электронды темекі, вейп сияқты жаңа өнімдер де кең таралған. Көптеген жасөспірімдер оларды зиянсыз деп қате ойлайды. Алайда бұл өнімдер де никотинді қамтиды және денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді. Мектептерде бұл мәселенің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Мұғалімдер, ата-аналар және медицина қызметкерлері бірігіп, оқушыларға темекінің зияны туралы нақты әрі түсінікті ақпарат беруі тиіс. Сонымен қатар мектеп ережелерін күшейтіп, темекі қолданған оқушыларға тиісті шаралар қолдану маңызды. Қорытындылай келе, мектептерде никотин мен темекіге мүлде жол болмауы керек. Себебі бұл – өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, олардың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін жасалатын маңызды қадам. Әрбір оқушы салауатты өмір салтын таңдап, зиянды әдеттер денаулақ болғаны жөн.
Мөлдір Аманбайқызы,
аудандық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы


