Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мектептегі тәртіп – ортақ жауапкершілік

Мектеп – білім мен тәрбие қатар берілетін маңызды орта. Сондықтан білім алушының мектеп тәртібін сақтауы оның оқуына ғана емес, өзара сыйластық пен қауіпсіз орта қалыптастыруға да ықпал етеді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты мектеп қабырғасында да өзекті. Оқушылар мектептің ішкі тәртібін сақтап, мұғалімдерді және өз қатарластарын құрметтеуі, сабаққа уақытылы қатысып, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауы қажет. Сонымен қатар буллингке, төбелеске, қорқытуға және өзге де тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу – баршаға ортақ міндет.
Тәртіпті қалыптастыруда ата-ана, мұғалім және оқушының өзара байланысы маңызды. Әр тарап өз міндетіне жауапкершілікпен қарағанда ғана балаға қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасады.
Заңды құрметтеу мен тәртіп сақтау – оқушының бүгінгі мәдениеті ғана емес, ертеңгі азаматтық жауапкершілігінің негізі. Сондықтан мектептегі тәртіпке бейжай қарамай, оны сақтауға әрқайсымыз үлес қосуымыз қажет.

Айбек Сәрсенғалиев, 
Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT