Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мектеп қауіпсіздігі – басты назарда

Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің Сағыз полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Қ. Қосжанов және учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны С. Қаратаев Сағыз ауылында орналасқан білім беру ұйымдарына арнайы барып, қауіпсіздік талаптарының сақталу барысын тексерді.

Іс-шара барысында мектептердегі бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу сапасы, камералардың толық қамту аймағы, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге арналған дабыл (қауіпсіздік) түймелерінің жарамдылығы жан-жақты қаралды. Тексеру нәтижесінде анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша білім беру мекемелерінің жауапты қызметкерлеріне нақты ұсыныстар беріліп, оларды жою жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарын күшейту, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді. 

К.ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT