Аудан бойынша тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында былтыр құрылды. Қазіргі таңда аталған мекеме Миялы, Сағыз және Жангелдин ауылдарында тазалық жұмыстарын жүргізіп отыр.
Бұл – елді мекендердің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Алдағы уақытта мекеме қызметін ауданның барлық ауылдық округінде жүргізу жоспарланған. Миялы ауылдық округі – аудан орталығы болғандықтан, мұндағы тазалық пен абаттандыру жұмыстарына ерекше мән беріледі. Көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтар мен аулаларды таза ұстау, қоқысты уақытылы шығару, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу – ауыл көркін арттыруға бағытталған негізгі шаралар. Бұл ретте тұрғындардың жауапкершілігі де айрықша маңызды. Арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс тастамау, контейнерлерді ұқыпты пайдалану, аулалар мен көше бойындағы тазалықты сақтау – әр азаматтың ортақ іске қосар үлесі.




