Қоғамның тыныштығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң – мемлекеттің қабылдаған, барлық азамат орындауға міндетті ережелер жүйесі болса, тәртіп – сол заңдардың бұлжытпай орындалуы.
Заң мен тәртіп бар жерде әділдік, бейбіт өмір мен қауіпсіздік орнайды. Ал заң бұзылған және тәртіп сақталмаған жағдайда елде берекетсіздік пайда болады. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы қажет. Қазіргі заманда құқық бұзушылықпен күресу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әр азаматтың парызы. Отбасында баланы кішкентайынан адалдыққа, әділдікке, заңды сыйлауға тәрбиелеу қажет болса, мектептерде құқықтық тәрбие беру, жастар арасында заңды білуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру – маңызды міндеттердің бірі.
Ғаламат АЛДАНБАЕВ,
аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры



