Референдум – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтатын, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді бірге қабылдауға мүмкіндік беретін демократиялық тетік.
Мұндай саяси науқан әр азаматқа өз пікірін білдіріп, мемлекет болашағына ықпал етуге жол ашады. Әрбір азаматтың дауысы – ел дамуына қосқан үлесі. Сондықтан референдумға бейжай қарамай, белсенді қатысу – ортақ жауапкершілік. Халықтың еркі арқылы қабылданған шешімдер қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, әділетті әрі ашық басқару жүйесінің қалыптасуына негіз болады. Еліміздің болашағы әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты.
Клара АМИРОВА,
ауыл тұрғыны


