Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МАС КҮЙДЕ ОТБАСЫНЫҢ ШЫРҚЫН БҰЗДЫ    

        Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің 102 желісі арқылы  Т.Б есімді азаматша, өзінің заңды некедегі жолдасы У.Р есімді азамат, ішімдік ішкен масаң күйде дауыс көтеріп былапыт сөздер айтып, отбасының шырқын бұзғаны үшін арызданған. 
Осы ретте, учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қ.Камаладеновпен құқық бұзушы азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73 бабы 1 бөлігіне сай, яғни отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткені үшін, әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін, Қызылқоға аудандық сотына жолданды.
Сондай-ақ, аталған азамат алдағы уақытта, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамдарға қатысты құқық бұзушылық іс-әрекеттер жасамас үшін, тұрмыстық зорлық-зомбылықтықтың алдын алу мақсатында бөлімнің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры А.Шәкіровамен түсінік жұмыстары жүргізілді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT