Мал шаруашылығы қызметкерлері күні – адал еңбегімен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет. Бұл сала ауыл шаруашылығының маңызды бағыты ретінде еліміздің экономикасына елеулі үлес қосып келеді.
Соңғы жылдары мал басының көбеюі, ет, сүт және жұмыртқа өндірісінің артуы – саладағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Әсіресе, ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуына және тұрмыс деңгейінің жақсаруына мал шаруашылығының ықпалы зор. Мал өсіріп, өнім өндіру – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін еңбек.
Сондықтан мал шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Олардың күнделікті қажырлы еңбегі елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, ауылдың дамуына жол ашып отыр.
Қайырғали БАЗАРБАЕВ,
ауылшарушылығы ардагері




